РУС ҚАЗ ENG Сайттың картасы Кері байланыс

2018-2019 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық

Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеудің бекітілген 2018 жылға арналған кестесіне сәйкес, алдағы 2018-2019 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде еліміздің тұтынушыларын тұрақты энергиямен жабдықтау үшін, 8 энергоблокты, 56 энергетикалық қазанды және 45 турбинаны күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеуді орындау көзделген. Ағымдағы күні электр станцияларында 4 энергоблок (жылдық көлемнің 50% -ы), 32 қазан (57%) және 24 турбина (53%) жөнделді. Жөндеудің түрлі сатысында 4 энергоблокқа, 24 қазанға және 21 турбинаға жұмыс жүргізілуде.

Бүгінгі күні 24 мың км электр беру желісі жөнделді, бұл жылдық жоспардың 85%-ын құрайды және 4,5 мың қосалқы станция, бұл жоспардың 77% құрайды.

Орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында 500 қазандықтың 439-ы (жылдық жоспардың 88%) жөнделді.

Жалпы жөндеу жұмыстарын орындау кесте бойынша жүзеге асырылуда.

Электр станцияларының отын қоймаларында 3,3 млн тонна көмір мен 78 мың тонна мазут жиналған, бұл жалпы нормативтік көлемге сәйкес келеді.

Орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағындағы қазандықтарында 1,1 млн тонна көмір және 25 мың тонна мазут жиналды.