РУС ҚАЗ ENG Сайттың картасы Кері байланыс

Астанада ядролық-энергетикалық бағдарлама үшін реттеуші база бойынша ұлттық семинар өтті

2018 жылғы 19-23 қараша аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы Ядролық физика институтының Астана қаласындағы бөлімшесінің Салааралық ғылыми-зерттеу кешенінің (СҒЗК) негізінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (АЭҚБК) АЭХА-мен бірлесіп ядролық-энергетикалық бағдарлама үшін реттеуші база бойынша ұлттық семинарды ұйымдастырды және өткізді.

Семинар АЭХА-ның Техникалық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде KAZ/2/008 «Қазақстан Республикасының Ядролық инфрақұрылымын дамыту» ұлттық жобасы бойынша АЭХА, Ұлыбритания және Түркияның мамандарын тарта отырып өткізілді.

Семинарға АЭҚБК, ҚР ЭМ Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің және ҚР-ның атом саласындағы басқа жетекші ұйымдарының, атап айтқанда «ҚР Ұлттық ядролық орталығы», «Ядролық физика институты», «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақстан атом электр станциялары» АҚ, «Ядролық технологиялардың қауіпсіздігі бойынша ғылыми-техникалық орталық» және «Изотоп Транс Сервис» ЖШС өкілдері қатысты.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар АЭХА қауіпсіздік стандарттары, реттеуші органның негізгі функциялары мен құзыреті, атом электр станцияларына реттеушілік тексеру жүргізу туралы қосымша білім алды, сондай-ақ, ядролық қондырғыларды лицензиялау үдерісімен танысты және Ұлыбритания мен Түркия мысалында реттеуші базаны жетілдіру бойынша оң тәжірибе алмасты.