РУС ҚАЗ ENG Карта сайта Обратная связь

Жылу желілерінің температуралық кестесін сақтау.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетімен жылу желілері жұмысының температуралық режимді сақтау бөлігіндегі мониторинг жүргізіледі.

Сонымен, ағымдағы жылыту кезеңінің басынан бастап сыртқы ауаның температурасы төмендеген кезде 9 жылу желілері жұмысының температуралық кестесін сақтамау фактілері анықталды. Бұлар Семей қаласы «Теплокоммунэнерго» МКК 1-ЖЭО (7 рет), «АрселорМиттал Темиртау» АҚ 2-ЖЭО (1 рет) және «Казахмыс Энерджи» ЖШС Балқаш ЖЭО-да (1 рет) орын алған

«Қазгидромет» РМК-ның ақпараты бойынша алдағы күндері Қазақстанның солтүстік, орталық, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарында қар жауып, температура төмендейді. Осыған байланысты энергия кәсіпорындары басшыларына жылу желілері жұмысының температуралық кестесін қамтамасыз ету ұсынылады.