1989 жылы 3 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген.
Жоғары білімі бар. 2012 жылы "Радиотехника, электроника және телекоммуникация" мамандығы бойынша Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген және 2015 жылы сол университеттің "Мұнай-газ ісі" мамандығын сырттай бітірді. 2020 жылы "Almaty Management University" МВА-да оқуын аяқтап, Іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алды.
Еңбек жолын мұнай-газ саласында бастады, онда материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі бастығының орынбасарынан бастап бірінші басшыға дейін ("ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ, "Интергаз Орталық Азия" АҚ) кәсіби өсудің барлық сатыларынан өтті.
2022 жылдың 01 тамызынан бастап "Ақтөбе ЖЭО" АҚ Басқарма Төрағасы қызметін атқарады.
Үйленген, үш баласы бар.
2021 жылы 02.12.2021 жылғы жарлықпен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Құрмет грамотасымен марапатталды. Саланың дамуына қосқан үлесі үшін бірнеше рет қала, облыс әкімшілігінің Алғыс хаттарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.
1987 жылы 17 маусымда Ақтөбе облысында дүниеге келген.
Жоғары техникалық білімі бар. 2008 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Алға газ учаскесінде мұнай-газ саласында бастаған. Жұмысшыдан бастап жоғары буын басшысына дейін кәсіби өсудің барлық кезеңдерінен өтті.
2023 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі лауазымда жұмыс істеп жатыр.
Үйленген, бес баласы бар.
Мұнай-энергетика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін бірнеше рет ведомстволық наградалармен марапатталды.
1975 жылы 16 желтоқсанда Ақтөбе облысында дүниеге келген.
Жоғары білімі бар. 2013 жылы Самара мемлекеттік техникалық университетін "Электр станциялары" мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1993 жылы "Запказэнерго" Ақтөбе Батыс электр желілерінде автомашиналарды жөндеу бойынша слесарь шәкірті қызметінен бастады. Жұмысшыдан бастап жоғары буын басшысына дейін кәсіби өсудің барлық кезеңдерінен өтті.
Саладағы жұмыс өтілі 30 жылға жуық.
Үйленген, екі баласы бар.
"ҚР еңбек сіңірген энергетигі" құрметті атағына ие. Электр энергетикасы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Премьер-Министрінің алғыс хатымен және "ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталған. Бірнеше рет қала, облыс әкімшілігінің Алғыс хаттарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталған.
1980 жылы 5 маусымда Павлодар облысында дүниеге келген.
Екі жоғары білімі бар. 2002 жылы Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын "Қаржы және несие" мамандығы бойынша, 2008 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін "Есеп және аудит" мамандығы бойынша бітірген.
2003 жылы Қарағанды облысының "Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры" филиалында филиал менеджері болып еңбек жолын бастады. 2004 жылғы желтоқсаннан 2018 жылғы шілдеге дейін экономист пен бухгалтерден бастап жоғары буын басшысына дейінгі кәсіби өсудің барлық кезеңдерін өтті. 2018 жылдың шілдесінен бастап қазіргі лауазымында жұмыс істеп келе жатыр.
Үйленген, бір баласы бар.
2014 жылы Құрмет тақтасына енгізіле отырып, "Жылдың үздік қызметкері" атағын алды.
2019 жылы саланың дамуына қосқан үлесі үшін "Ақтөбе қаласының 150 жылдығы" мерейтойлық медалімен марапатталды.
2024 жылы кәсіподақ пен жұмыс берушінің әлеуметтік әріптестігін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстандық энергетиктер салалық кәсіподағының "Құрмет белгісі" медалімен марапатталды.
1990 жылы 8 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген.
Жоғары білімі бар. 2014 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін "Бастапқы әскери дайындық" мамандығы бойынша бітірген. 2020 жылы Тараздағы инновациялық-гуманитарлық университетін "Экономика" мамандығы бойынша сырттай бітірді.
Еңбек жолын 2016 жылы "РПОЦ" АҚ Алматы филиалында материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің маманы болып бастаған.
2022 жылдың қыркүйегінен бастап "Ақтөбе ЖЭО" АҚ жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарады.
Үйленген, үш баласы бар.
2025 жылы жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға және әлеуметтік әріптестікті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Қазақстандық салалық Энергетиктер кәсіподағының алғыс хатымен марапатталды.