Ақтөбе облысында «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ның нысандары бойынша баспасөз туры өтеді
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен 2026 жылдың 16 қыркүйегінде «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ның жылу энергиясын өндіру нысандары бойынша баспасөз турын өткізуді жоспарлануда.
Баспасөз туры 2026 жылдың 16 қыркүйегінде сағат 10:00-де Ақтөбе қаласы, 312 атқыштар дивизиясы 60-үй мекенжайы бойынша өтеді.
Осыған байланысты, Департамент аталған іс-шараға облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың өкілдерін, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерді, тәуелсіз сарапшыларды, БАҚ және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.
Осы іс-шараны өткізу туралы толық ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7132) 55-73-38.
2026-09-11 10:07:00